• 28.08.2019

    «Қазақфильмнің» классикалық туындылары «Көктөбеде» көрсетіліп жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Алматы тұрғындары мен қала қонақтары тамыздың 15-і мен 30-ы аралығында қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді «Көктөбе» саябағында тамашалауға мүмкіндіктері бар. Бұл көрсетілімдерді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «АлмаТВ» компаниясы мен «Көктөбе» саябағы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

     

    «Көктөбе» саябағында Алматы қаласының символы – алма пішіндегі жаңа арт-нысан орнатылған. Өнер нысаны «Алма ТВ» компаниясының 25 жылдық мерейтойына орай құрастырылған. Авторы – Максим Брусиловский. Алманың өзегінде орнатылған Led-экран арқылы «Қазақфильмнің» классикалық туындылары көрсетіліп жатыр. Олар: Ефим Аронның «Алтын мүйіз», Шәкен Аймановтың «Атамекен», Қуат Әбусейітовтың «Өмір жолы», Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді», Сұлтан Қожықовтың «Шыңдағы Шынар», Абдолла Қарсақбаевтың «Қилы кезең» , Ефим Дзиганның «Дала оқиғалары» (киноальманах) және «Жамбыл» фильмдері, Шәкен Айманов пен Карл Геккельдің «Махаббат туралы дастан»,  Амангелді Тәжібаевтың «Ебелек» фильмдері көрсетілуде.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019