• 28.08.2019

    «Қазақфильмнің» туындылары «Киношок» фестиваліне қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Хуат Ахметовтың «Әруақ» және Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмдері 2019 жылы қыркүйектің 1-і мен 8-і аралығында Анапа қаласында өтетін «Киношок» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Бұл кинотуындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

     

    Айта кетсек, «Киношок-2019» ТМД және Балтық бойы елдерінің ашық кино фестивалі аясында толықметражды, қысқаметражды, деректі, телевизиялық және балаларға арналған фильмдер байқауға түседі.

     

    «Әруақ» фильмі екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы  туралы баяндайды. Картинада басты ролді қазақ киносының мэтрі, кинотуындының идея авторы Асанәлі Әшімов сомдайды.

     

    Ал «Шырақшы» фильмі соғыстан оралған жауынгердің тарихын баяндайды. Оның қолында құтқарылған неміс қартының сыйы – ескі кинопроекторы бар. Өмірінің соңына дейін солдат сол кинопроектормен айырылмай жүреді...

     

    Естеріңізге сала кетсек, «Әруақ» фильмі өткен жылы XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетіліп, биыл көктемде прокатқа шыққан болатын. Ал «Шырақшы» фильмінің әлемдік тұсаукесері үстіміздегі жылы маусым айында XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында  өтті. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019