• 28.08.2019

    «Қазақфильмнің» екі фильмі Башқортстаннан жүлдемен оралды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Башқортстанның Уфа қаласында тамыздың 24-і мен 27-і аралығында өткен 4-ші халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивалінде «Қазақфильмнің» екі фильмі жүлдеге ие болды.

     

    «Қыз бен теңіз» фильмі (режиссерлері Әзиз Зайыров мен Мұхаммед Мамырбеков) «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясында қоғам қайраткері Каринэ Хабированың атынан арнайы жүлдеге ие болды. Ал фильмде басты рөлді сомдаған актер Тахир Умаров Башқортстан Республикасы отбасы және еңбек министрлігі тағайындаған «Орындалған армандар үшін» арнайы жүлдемен марапатталды.

     

    «Қазақ хандығы. Алтын тақ» көркем фильмінің режиссері Рүстем Әбдірашев Башқортстан кинематографистер одағының «Ұлттық киноның дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесіне ие болды.

     

    Естеріңізге сала кетсек, бұл кинофестивальге режиссер Бақыт Қайырбековтың «Құтыда жанған алау»  деректі фильмі қатысқан болатын. Фильмдер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ түсірген.

     

    «Күміс Ақбозат» фестивалі 2014 жылы халықаралық байқау ретінде бірден жұмыс істей бастады. Келесі жылы бұл фестивальге 11 елден 36 фильм, сондай-ақ Ресей өңірлерінің туындылары қатысты. Аталған байқау бірінші күннен бастап Еуропаның фильмдерімен қатар Иран, Куба, Тәжікстан, Бангладеш және тағы да басқа елдердің режиссерлері түсірген жұмыстарын көрсете бастады. «Күміс Ақбозат» фестивалі әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін ойластырылған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019