• 20.02.2012

    «Рывок» фильмі халықаралық фестивальде бақ сынайды

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Қанағат Мұстафиннің спорт тақырыбындағы «Серпін» фильмі, 2012 жылы 8 мен 12 наурыз аралығында Харьков қаласында (Украина) өтетін «Ступени» атты Халықаралық құқық қорғау кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына алынды.

    Фестиваль 2007 жылы құрылған Лев Толстой атындағы «Ступени» құқық қорғау орталығымен ұйымдастырылды. Іріктеп алынған фильмдердің де тақырыбы бір – адам құқықтарын қорғау, жануарлардың құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, т.с.с. Фестивальдің тағы бір ерекшелігі, сайысқа деректі, көркем, қысқа метражды және анимациялық фильмдер қатыса алады.

    Естеріңізге сала кетсек, «Серпін» фильмі Ресейдің Липецк және Калифорнияның Лос-Анджелес қалаларында өткен спорт тақырыбындағы фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрінген болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019