• 09.05.2012

    «Жаужүрек Мың Бала» фильмі алғашқы көрсетілімнен бір миллион долларға жуық қаржы жинады

    2012 жылдың ең ірі жобасы «Жаужүрек Мың Бала» фильмінің алғашқы көрсетілімінен кейін Қазақстан кинематографиясы тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды.

    Еліміздің кинотеатр өкілдері фильмнің мемлекеттік тілде қосымша нұсқаларына тапсырыс берді. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кинотеатрларға фильмді 70 пайызы қазақ тілінде және 30 пайызы орыс тілдерінде ұсынған болатын. Алайда қазақстандық кинотеатр өкілдерінің шетел туындыларын көруді дағдыға айналдырған «негізгі көрерменін жоғалтып алуымыз мүмкін» деген үрейлерінен кейін, фильмнің 30 данасы орыс тілінде және 21 данасы қазақ тілінде дайындалған болатын.

    Фильм қазақ тілінде түсірілгенін ескеріп, «Қазақфильм» киностудиясы кинотеатр өкілдерімен келісе келе, киноның қазақ тіліндегі нұсқасының санын арттыру жөніндегі келісімге келді. Сондықтан да фильмнің қосымша алты данасы дайындалып жатыр. Фильмнің үлкен сұранысқа ие болуы мен қазақ киносының жанашырларының арқасында Ақан Сатаев пен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлесіп шығарған сүбелі туындының қазақ тіліндегі нұсқаларының көбеюіне түрткі болды. Киностудияның баспасөз қызметі, еліміздің барлық ірі қалалары мен аудандарында фильмнің көрсетілімінде ине шаншарға жер жоқ екенін мәлімдеп отыр.

    Егеменді еліміздің тарихында тұңғыш рет отандық «Жаужүрек Мың Бала» фильмі алғашқы көрсетілімнен-ақ (3 мен 6 мамыр аралығында) 1 миллион долларға жуық қаржы жинады (147 млн. 600 мың теңге). 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019