• 04.07.2012

    «Жаужүрек Мың Бала» фильмі телерналардан көрсетіледі.

    2012 жылдың ең ірі әрі көптен күткен жобасы, алғашқы көрсетілімнен-ақ үлкен табысқа қол жеткізген Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» фильмі еліміздің республикалық телеарналарынан көрсетіледі.

    4 шілдеде сағат 21.15 «Қазақстан» ұлттық арнасында фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіліп, 5 шілдеде сағат 14.35 қайталанады. 4 шілдеде сағат 22.00 «Хабар» арнасында фильмнің орыс тіліндегі нұсқасы көрсетіліп, 6 шілдеде сағат 10.30 қайта көрсетіледі.

    Естеріңізге сала кетсек, «Жаужүрек Мың Бала» фильмі 2012 жылы 3 мамырынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп, алғашқы көрсетілімнен - екі апта ішінде 2 миллион долларға жуық қаржы жинаған болатын. Сонымен қатар 17 мамырда Канн кинофестивалі шеңберінде өткен кинонарықта «Жаужүрек Мың Бала» фильміні арнайы көрсетіліп, нәтижесінде әлемдік прокатқа шығару үшін картинаны Канаданың «108 Media» компаниясы сатып алған.

    Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді. Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді.

    «Жаужүрек Мың Бала» фильмі жайлы хабар түсірілім басталмай жатып-ақ ел арасына кең тарай бастады. Республикалық деңгейде өткен кастингке басты және қосалқы рөлдерді сомдауға үміттенген 22 мың 200 үміткер қатысты. Шамамен 500-ге жуық қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері түсірілім алаңына барып, түсірілімнің кейбір эпизодтарын көріп қайтқан болатын. Ал BBC World News, Reuters, Time, Screen International, The Los Angeles Times, The Independent, Sight&Sound, London Evening Standard, Hollywood Reporter, Variety сынды батыстың әлемге әйгілі басылымдары мен телерналары «Жаужүрек Мың Бала» фильмі қалың жұртшылықтың көзайымына айналып, прокатта үлкен табысқа ие болатынына сенім білдірген еді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019