• 08.10.2012

    «Теңіз қасқыры» фильмі дипломмен марапатталды

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Алмас Бектібаевтың «Теңіз қасқыры» атты қысқа метражды фильмі Ташкент қаласында 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен «Алтын гепард» халықаралық кинофорумда «Адами драманы поэзиямен көрсеткені үшін» дипломымен марапатталды.

    Фильмде Арал теңізінде тұрақтап қалып қойған кемені жойылып кетуден қорғап жүрген қарт капитанның өмірі суреттеледі.

    − «Теңіз қасқыры» фильмінің сценарийінің арқасында мен Жүргенов атындағы өнер Академиясының «кино және теледидар режиссері» мамандығына оқуға түстім. Әрине, осы күнге дейін фильмнің сценарийі біршама өзгерді, дегенмен, маңыздылығы сол күйінде қалды. Картинамды жоғары бағалағандарына өте қуаныштымын,-деді фильмнің режиссері Алмас Бектібаев.

    Естеріңізге сала кетсек, «Шәкен жұлдыздары 2012» кинофестивалінде «Теңіз қасқыры» фильмінің сценарийі үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қолдауының арқасында қысқа метражды көркем туындыға айналды.

    «Алтын Гепард» кинофорумның жеңімпаздары: Польшаның «Иоанна» фильмі «Ең үздік фильм» және «Ең үздік әйел рөлі» номинациялары бойынша бас жүлдені - «Алтын гепардты» қанжығасына байлады. Үздік режиссер - «Жазғы ойындар» фильмінің режиссері швейцариялық Роландо Колла; Ең үздік анимациялық фильм – Хорватияның «Dove sei, amor mio» фильмі болса, ең үздік ер адамның рөлі» номинациясы бойынша «Аве» фильмінде Каменның рөлін сомдаған Ованэс Торосян үздік деп танылды. «Ең үздік қысқа метражды фильм» номинациясында Иранның «Қысқа да нұсқа бес оқиға» атты фильмі жеңіске жетті.

    Халықаралық кинофорумның бас директоры Ақбар Хәкімов кинофорум шеңберінде «Актерлік шеберліктің жан-жақтылығы» атты арнайы марапатты ресейлік актер Гоша Куценкоға тапсырды. Жалпы кинофорумға Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен шамамен 500 фильм қатысты. Салтанатты кешке кино әлемінің жұлдыздары: Марк Дакаскос, Гоша Куценко, Фредерик Дифенталь, Егор Кончаловский, Алексей Гуськов; кинофорумның қазылар алқасы Ник Науэлл, Филипп Бергсон, Олег Ужинов, Жан Руа, Вадим Абдрашитов, Рустам Сагдуллаев, Дмитрий Власов қатысты.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019