• 23.10.2012

    Мәскеу қаласында қазақ киносының күндері өтті

    Дни казахстанского кино в МосквеҚазанның 15-і мен 19-ы аралығында Мәскеу қаласында Red Square Screenings атты киногерлердің кездесуі өтті. Айтулы іс-шараны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Қазақстан продюсерлер гильдиясымен бірлесіп Ресейдің кино қоры ұйымдастырған.

    Мерекелік іс-шара «Оскар» жүлдесіне үміткер, қазақстандық «Жаужүрек Мың Бала» фильмімен ашылды.

    Мәскеудің ірі сауда орталықтарының бірінде жетекші әлемдік киноиндустрия өкілдеріне соңғы жылдары түсірілген отандық фильмдер көрсетілді, олар: режиссер Егор Михалков-Кончаловскийдің «А-ға»оралу», режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильмдері, сонымен қатар, жақын арада прокатқа шығатын картиналар – режиссер Әмір Қарақұловтың «Ғаламтордағы махаббат» және режиссер Ахат Ыбыраевтың «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» фильмдері.

    Көрсетілімге REZO-film («Портрет в сумерках», «Возвращение»), Elle Driver, Arizona films, Wild Bunch, Latido Films, Television of Slovakia сынды халықаралық дистрибьюторлық компаниялармен бірге, Роттердам, Карлововар, София, goEAST – Висбаден халықаралық кинофестивальдер және американдық Сиэттл, Палм Бич фестивальдерінің өкілдері қатысты.

    Аталған мәдени іс-шара VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі кезінде «Қазақфильм» киностудиясы мен Ресейдің кино қоры арасында бекітілген «Серіктестік туралы» келісімнің алғашқы қадамы ғана. Келісім негізінде басты жеті бағыт бойынша ынтымақтастық шаралары қарастырылған. Соның ішіндегі өзекті мәселелер – кинематографиядағы заңнаманың дамуы, болашақ кинематографистерді дайындау, копродукция мүмкіндіктері, екі елдің ұлттық фильмдерін Қазақстан мен Ресей территориясында кеңінен таныстыру.

    Сонымен қатар, көрсетілім барысында қазақстандық киногерлер бірлескен жаңа кино жобаларды жасау жөнінде Ресейдің танымал продюсері, режиссері - С.Сельяновпен (СТВ компаниясы) және Ф.Бондарчукпен («Главкино» студиясы) кездесіп, пікір алмасты. Тағы айта кетер жайт, еліміздің кинематографистері ынтымақтастықты нығайту мәселесіне байланысты Канн кино нарығының Бас директоры Жером Пайярмен келіссөздер жүргізді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019