• 01.11.2012

    «Меломан» дүкендерінде «Қазақфильм» киностудиясы шығарған фильмдердің DVD нұсқалары сатылуда

    DVD фильмов киностудии «Казахфильм» в сети магазинов Меломан«Меломан» дүкендеріне Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған «Astana team» атты деректі фильм DVD нұсқада сатылымға түсті. Бұл фильмде Қазақстанның атақты велошабандозы Александр Винокуров балалық шағы, үлкен спортқа келуі және «Астана» велокоманданың кұрылғаны жөнінде сыр шертеді.

    Бүгінгі күні «Меломан» дүкендерінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған 15 фильм DVD нұсқада сатылымда бар. Олар: 2010 жылы жарыққа шыққан фильмдер: «Махаббат тәлкегі», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Қызғылт қоян туралы хикая». 2011 жылы жарыққа шыққан фильмдер: «Жерұйық», «Серпін», «Супер Баха», «Менің күнәлі періштем», «Жел қызы», «Ликвидатор», «Балалық шағымның аспаны». 2012 жылы жарыққа шыққан фильмдер: «Алтыбақан», «Жиде», «Армандастар», «Жаужүрек Мың Бала». Сонымен қатар, аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмі де DVD нұсқада жарыққа шықты.

    Жақын арада «Аңшы бала», «Астана-махаббатым менің», «Сардар», «Қара шаңырақ», «Мен 20-дамын», «Шал» фильмдері DVD нұсқада жарық көреді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019