• 13.11.2012

    «Дала гүлдері: қазақ киносының фестивалі»

    Angel 002-0001.showcase_2.jpg«Дала гүлдері: қазақ киносының фестивалі» (Flowers of the steppe: Festival of kazakh cinema) АҚШ-тың Бостон және Вашингтон қалаларында қарашаның 14-і мен 18-і аралығында өтеді. Американдық көрермендерге қазақ киносымен танысуға мүмкіндік беретін фестивальдің басты мақсаты - кино өнері арқылы екі елдің мәдениетін нығайту. Мәдени іс-шара барысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы соңғы жылдары шығарған фильмдер көрсетіледі. Олар: «Сталинге сыйлық», «Келін», «Періштеге хат», «Серпін», «Секер» және «Аққыз» фильмдері. Сонымен қатар, студенттер мен көрермендер арасында кино туындыларға қатысты пікір алмасу ұйымдастырылмақ. Американдық көрермендерге аталған фильмдерді таныстыратын режиссер Ермек Шынарбаев.

    Фильмдер Goethe Institut, Freer Gallery of Art, Kennan Institute, Museum of Fine Arts ғимараттарында көрсетіледі. Көрсетілімдердің кестесі Қазақстанның АҚШ-ғы елшілігінің ресми сайтында ұсынылған.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019