• 07.07.2018

    Бүгін алтын адам туралы деректі фильмнің әлемдік тұсаукесері өтеді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін, 2018 жылдың 7 шілдесі күні «Хабар», BBC және  EURONEWS телеарналарында «Алтын жауынгер» атты жаңа деректі фильмнің телевизиялық тұсаукесері өтеді.  Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «BBC WorldNews» телеарнасы түсірген.

    -  «Қазақфильм» былтыр жиырмадан астам ғылыми-танымал деректі фильмдер түсірген. Олардың қатарында  «Алтын жауынгер» және  «Қожа Ахмет Ясауи мен Айша бибі кесенелері» атты фильмдер бар. Аталған фильмдердің өндірісіне отандық және 451 млн. көрермені бар шетелдік беделді «BBC WorldNews» телеарнасының мамандары тартылған.    Бұл фильмдер қазақстандық және шетелдік телеарналарда көрсетілетін болады, – деді «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов.


    Фильмдердің түсірілімдері үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Фильмге Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.

    Аталған фильмдер «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында түсірілген. Эксперттердің пікірінше фильмдер Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджіне өз үлесін қосады, сонымен қатар еліміздің бай тарихы мен көрікті географиясын танытады.


    Аннотация: Айша бибі және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
    Әлемде монументтердің тұрғызылу тарихы ұмыт қалып жатады. Кейде туристерге немесе саяхатшыға монументтің өзінен оның тұрғызылу тарихы қызықтырақ болады.  Оның мәдени және тарихи ескерткіш ретіндегі алатын орны туралы да ақпарат алғысы келеді. Қазақ халқы кесенелердің бой көтеру тарихын сақтап келеді. Соның арқасында бұл археологиялық ескерткіштер ұлттың шын мәнісіндегі құндылығына айналады.

    Аннотация: Алтын жауынгер.
    Алтын адам мен қазақ халқының бір аңызында ұшырасатын – жас жауынгер Алтын-Айдарда ұқсастық бар. Бұл фильмде режиссердің концепциясы бойынша Алтын адам мен аңыздағы Айдардың бейнелері бір өріледі.

    Түсірілім тобы:
    Режиссері: Дарья Чернова (Лондон)
    Қоюшы операторы: Денис Аларкон-Рамирес (Мәскеу)
    Қоюшы суретшісі: Бөпеш Жандаев
    Костюм жөніндегі суретші: Елена Рубанова


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018