• 22.08.2019

    «Қазақфильмнің» үш бірдей фильмі Уфада өтетін фестивальге қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» (режиссері Рүстем Әбдірашев), «Қыз бен теңіз» (режиссерлері Әзиз Зайыров және Мұхаммед Мамырбеков) атты көркем фильмдер, сонымен қатар «Құтыда жанған алау» (режиссері Бақыт Қайырбеков) деректі фильмі  үстіміздегі жылы тамыздың 24-і мен 27-і аралығында Уфа қаласында (Башқортстан) өтетін «Күміс Ақбозат» атты кинофестивальге қатысады.

     

    «Қазақ хандығы. Алтын тақ» кинонұсқасы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші романы бойынша түсірілген тарихи кинодилогияның екінші маусымы.  «Қыз бен теңіз» фильмінде БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру. Ал «Қазақстанның түркі халықтары» циклы бойынша түсірілген «Құтыда жанған алау» деректі фильмі түркі халықтарын байланыстыратын – тіл, тарих, мәдениет туралы сөз қозғайды. Картина ескі заманнан, күні бүгінге дейін нені сақтап, нені жоғалттық деген сауалға жауап іздейді.

     

    «Күміс Ақбозат» фестивалі 2014 жылы халықаралық байқау ретінде бірден жұмыс істей бастады. Келесі жылы бұл фестивальге 11 елден 36 фильм, сондай-ақ Ресей өңірлерінің туындылары қатысты. Аталған байқау бірінші күннен бастап Еуропаның фильмдерімен қатар Иран, Куба, Тәжікстан, Бангладеш және тағы да басқа елдердің режиссерлері түсірген жұмыстарын көрсете бастады. «Күміс Ақбозат» фестивалі әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін ойластырылған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019