• 08.11.2019

    Люксембург қаласында «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    16 қарашада Люксембург қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи фильмі көрсетіледі. Тарихи кинотуындының режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов. Ол «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», Елбасы жолы киноэпопеясының: «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» кинотуындыларының және «Қазақ хандығы»  сериалының авторы.

     

    «Қазақ хандығы. Алмас қылыш»  фильмі тарихи «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі. Бұл ауқымды тарихи жобаның идея авторы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша жазылған. Бұл фильм Керей мен Жәнібек хандардың хандық құрып, ірге кеңейту, мемлекеттің босағасын бекемдеу барысын суреттейді.

     

    Люксембург қаласында өтетін фильмнің көрсетілімін Орталық Азия мен Еуропа арасында мәдени көпір орналастыруға бағытталған коммерциялық емес Kazakhstan-Luxembourg Cooperation атты ұйым ұйымдастырып отыр.

     

    Көрсетілім 16 қарашада Люксембург қаласының уақыты бойынша сағат 15:45-те  Kinepolis Kirchberg кинотеатрында өтеді.

     



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019