Осыдан тура 60 жыл бұрын еліміздің басты киностудиясына «Қазақфильм» атауы берілді. 1960 жылдың 9 қаңтарында Қазақ КСР мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді.
Осы уақыт аралығында үлкен жұмыс атқарылып, ұлттық кинематографияның алтын қорына енген фильмдер және классикаға айналған жауһар туындылар дүниеге келді.
Еліміздің барлық киногерлерін және «Қазақфильм» киностудиясының ұжымын осы мерейтойлы датамен шын жүректен құттықтаймыз!