28.01.2020
1461
"Қазақфильм" ұжымы Нұрлан Санжарды туған күнімен құттықтайды
Барлық фотосуреттерді көру
Бүгін белгілі кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжардың туған күні!
Сонау 1963 жылы ұлттық киноның негізін салушылардың бірі – кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев 12 жасар Нұрлан Санжарды қазақ киносының классикасына айналған «Менің атым Қожа» фильміне басты рөлге шақырады. Сол күннен бастап оның өмірі жарты ғасырдан астам уақыт қазақ киносымен тығыз байланысты. Бүкілодақтық кинематография институтының сценарлық факультетін бітірген ол көптеген көркем және деректі фильмдердің сценарийін жазды. Драматургтың соңғы жұмыстарының бірі – көптеген беделді фестивальдерде биіктен көрінген «Оралман» фильмі (режиссері Сәбит Құрманбеков).
Құрметті Нұрлан Санжарұлы! «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы сізді туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық және шығармашылық табыстар тілейді!