• 29.01.2020
    1705

    Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы/Хранитель» фильмі Алматы облысында көрсетілді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы/Хранитель» фильмі Алматы облысы Қоңырөлең ауылында көрсетілді. Картинаның түсіру жұмыстары осы ауылда жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүргізілгенін айта кеткен жөн. Ауылдың мәдениет үйінде ұйымдастырылған көрсетілімге басты рөлді сомдаған актер Мұрат Мұқажанов және актер Ерболат Тоғызақов, сондай-ақ түсіру тобының өкілдері қатысты.

     

    - 2017 жылы «Шырақшы» фильмі біздің ауылымызда түсірілген болатын. Оның түсірілімдеріне бүкіл ауыл болып жұмылған болатынбыз. Фильмді біздің ауылда көрсетіп жатқандарыңызға алғыз білдіреміз, - деді Қоңырөлең ауылдық округының әкімі Нұрлан Әлімов.  



     

    Көрсетілім барысында Қоңырөлең ауылының тұрғындары фильмде өздерінің туған өлкелерін, жақындары мен ауылдастарын көріп, мәз болды. Сондай-ақ олар фильмді тамашалағаннан кейін шығармашылық топтың түсірілім кезеңіндегі атқарған ауыр жұмыстары туралы айтып, оларға алғыстарын білдірді.

     

    Естеріңізге сала кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Tursunov Film  компаниясы қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған  режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы/Хранитель» көркем фильмі 23 қаңтарда ұлттық прокатқа шықты.  Кинотуындының тұсаукесері Нұр-Сұлтан (20.01.2020 г.) және Алматы (22.02.2020 г.) қалаларында аншлагпен өтті.

     

    «Шыракшы» фильмі   Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Фильмнің идея авторы белгілі актер марқұм Меңтай Өтепбергенов. 

            

    Кинотуындының әлемдік тұсаукесері 2019 жылы маусым айында XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында  өтті (Қытай). Айта кетсек, бұл беделді фестивальдің негізгі  бағдарламасына отандық туынды алғаш рет қатысып отыр.

     

    Сондай-ақ туынды Анапада өткен «Киношок-2019» фестиваліне қатысып, басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов «Кино өнеріне адал кейіпкердің образын көркем сомдағаны үшін» қазылар алқасының дипломымен, ал картинаның операторы Мартин Сечанов  А.Княжинский атындағы «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесімен марапатталды.  Былтыр қараша айында Ресейде өткен Sochi International Film Festival and Awards кинофестивалінде бұл фильм «Үздік фильм» жүлдесіне және «Үздік әйел адамның рөлі» (ресейлік актриса Нина Усатоваға бұйырды) жүлдесіне ие болды.  

     

    Одан бөлек, «Шырақшы» фильмі АҚШ-та өткен Asian World Film Festival және Бангладеште өткен Dhaka International Film Festival  кинофестивальдеріне қатысып, Франция мен Монғолияда Қазақстан киносы күндері аясында көрсетілген болатын. 

    «Шырақшы» фильмінің Қазақстан аумағындағы  прокатын «Меломан» компаниясы жүзеге асырады.

     

    Өндірісі: Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ, Tursunov Film ЖШС

    Сценарий авторы: Ермек Тұрсынов 
    Қоюшы режиссері: Ермек Тұрсынов 
    Қоюшы операторы: Мартин Сечанов 
    Қоюшы суретшісі: Куат Тлеубаев 
    Композиторы: Қуат Шілдебаев
    Продюсері: Қанат Төребай 
    Рөлдерде: Мұрат Мұқажанов, Қуат Тлеубаев, Нина Усатова, Ерболат Тоғызақов, Әлібек Данабай



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020