Тайланд Корольдігінде онлайн форматта кезекті қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр. Бұл іс-шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы, сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығы және Елорда күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшілігімен ұйымдастырылып отыр.
Маусымның 29-ы мен шілденің 6-сы аралығында өтіп жатқан мәдени іс-шара барысында «Балалық шағымның аспаны» (реж. Р.Әбдірашев), «Балуан Шолақ» (реж. Н.Садығұлов), «Жамбыл» (реж. Е.Дзиган) көркем фильмдер, сондай-ақ «Қазақстанның табиғаты. Қызғалдарқтар атамекені» деректі фильмі, «Күльтегін» (реж. А.Әбілдинов) және «Мұзбалақ» (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) анимациялық фильмдер көрсетілетін болады.
Айта кетсек, фестиваль аясында көрсетіліп жатқан фильмдерде ағылшын тілінде субтитрлері бар.