• 08.09.2021
    245

    Киножобалардың ашық корғауы басталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін Алматыда Ұлттық кітапханада мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауы басталды. 

    Питчингтің бірінші күні Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Әлеуметтік маңызы бар көркем фильмдер» және «Бірлесіп түсірілетін фильмдер» категориялары бойынша 19 жоба ұсынды.

    «Әлеуметтік маңызы бар көркем фильмдер» категориясы бойынша режиссер Алмас Бектібаев Эксперттік кеңес мүшелеріне өзінің «Мұз» атты жобасын бірінші болып таныстырды. Сондай-ақ Әсел Сағатова «Ол – батыр қыз» және «Арқалық» атты екі бірдей жобаларды ұсынды. Айта кетсек, танымал актриса бұл киножобаларда продюсер ретінде бағын сынамақ.

    «Кішкентай адамдар», «Күн шуақты күндер» сынды басқа да фильмдерімен танылған режиссер Нариман Төребаев болса, Эксперттік кеңес мүшелеріне «Екі шаршы метр немесе мені Пер-Лашезде жерлеңіздер» атты комедия жанрында жобаны таныстырып, таң қалдырды. Ол француз режиссерлері түсірген «Беглецы», «Любовь без пересадок», «Амели» сынды фильмдерді, сондай-ақ Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» комедиясын  референс ретінде көрсетті.

          Режиссер Фархат Шәріпов ұсынған «Соғыс балалары» атты кең ауқымды жобасы жиналғандарға үлкен әсер қалдырды. Өзінің жобасын таныстырмас бұрын режиссер киногерлерге фильмнің тизерін көрсетті.

              Сонымен қатар  киножобалардың ашық қорғауы барысында Болат Шәріпов, Сәбит Құрманбеков, Айдын Сахаманов, Берік Жаханов, Аян Найзабеков, Эля Гильман сынды т.б. режиссерлер өз жобаларын таныстырды.

    Бүгінгі питчингті ҰКҚМО-нің ресми YouTube-каналында көруге болады.

              Ертең, қыркүйектің 9-нда «Қазақфильм» киностудиясы 23 жобаны таныстыратын болады. Айта кетсек, киножобалардың ашық қорғауы қыркүйектің 10-на дейін жалғасады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020