• 28.09.2021
    297

    «Қазақфильмнің» делегациясы Ташкентке келді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін, 28 қыркүйекте киностудия президенті Ақан Сатаев бастаған «Қазақфильм» делегациясы 2021 жылғы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін XIII Ташкент халықаралық «Жібек жолының інжу-маржаны» кинофестиваліне қатысу үшін Өзбекстан астанасына ат басын тіреді.

    Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстанның танымал киногерлері: Қазақстанның халық артисі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жаннат Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - актерлер Берік Айтжанов пен Азамат Сатыбалды, актриса Самал Еслямова және т.б. қатысады.

    Ташкент халықаралық кинофестивалі, Азия, Африка және Латын Америкасы халықаралық кинофестивалі ретінде де белгілі, Ташкентте дәстүрлі түрде 1968-1997 жылдар аралығында өткізілген. «Жібек жолы інжу-маржаны» кинофестивалі Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен 2021 жылы қайта жанданып, енді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Кинофестивальді ұйымдастырушы – Өзбекстан кинематография агенттігі.

    Айта кету керек,  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған: «Аманат» (реж. Сатыбалды Нарымбетов), «Оралман» (реж. Сәбит Құрманбеков), «Анаға апарар жол» (реж. Ақан Сатаев), «Әміре» (реж. Джефф Веспа), «Уақыт жолдары» (реж. Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такеба), сонымен қатар «Мұзбалақ» (реж. Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы) және «Күлтегін» (реж. Адай Абелдинов) анимациялық фильмдері Ташкенттегі ХКФ «Әлемдік кино күндері» бағдарламасы аясында көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл бағдарлама бойынша Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Беларусь, Египет, Израиль, Үндістан, Италия және басқа елдердің режиссерлері өз туындыларын ұсынады.

    Сонымен қатар «5 күн ішінде кино түсіру» байқау бағдарламасы да өтеді. Ұлы Жібек жолы тақырыбында Өзбекстан туралы қысқаметражды фильмдер түсіруге әлемнің 22 елінен 20-дан астам жас режиссерлер, халықаралық кинофестивальдердің лауреаттары қатысады. Жаңадан шыққан кинорежиссерлерге 13 ірі қала мен 30 түсірілім орны қол жетімді болады. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар «Жаңа буын киносы» кинофестивалі аясында өз фильмдерін көрсетеді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020