• 05.11.2021
    67

    Алматы облысында «Өліара» фильмінің түсірілімдері басталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдар Баталов Алматы облысы Жалаңаш ауылының маңында орналасқан «Өлара» фильмінің түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездесіп қайтты.

     

    1930 жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылық туралы сыр шертетін көркем фильмнің режиссері Тамаш Тот (Венргия). Аталған кинотуындыны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕҚ қолдауымен түсіріп жатыр.

     

    Фильмнің продюсері Олжабай Мұсабековтың айтуына қарағанда картинаның түсірілімдері Кеген ауданында қараша айының соңына дейін жалғасады, кейін түсірілім тобы Капшағай қаласының маңындағы жаңа локацияға ауысады екен. Сондай-ақ кинотуындының түсірілімдері Сарыөзек ауылы Балғалы станциясында жүргізіледі.

     

    Фильдегі басты рөлді Венгрияның театр және кино актеры Петер Барнай (Péter Bárnai) сомдайды. Сондай-ақ аталған фильмге Алдабек Шалбаев, Ержан Нұрымбет сынды басқа да қазақстандық танымал актерлер түсіп жатыр.

     

    Сценарий авторы: Нұрлан Санжар

    Қоюшы режиссер: Тамаш Тот

    Қоюшы оператор: Алексей Кирюхин

    Қоюшы суретші: Рустам Одинаев

    Грим бойынша суретші: Лидия Ордынская

    Продюсер: Олжабай Мұсабеков


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020