• 28.11.2021
    81

    «Мұқағали» фильмі Таллинде өткен халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
         Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салатантында жария етті.
         - Фильмнің поэзиялық тілі мен ерекше көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды, - деді Эстонияның діни ұйымдары өкілдері кірген экуменикалық қазылар алқасы.
         Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуынды аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазды. Аталған кинотуынды үстіміздегі жылы 21 қазанда прокатқа шыққан болатын.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020