Алматыда «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті
Барлық фотосуреттерді көру
Жаңалықтар фотогалереясы
Бүгін Алматыда жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Kinopark кинотеатрлар желісі, Magnum Сash&Сarry супермаркеттер желісі және «Я Алмаатинец» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.
Көрсетілім алдында ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтар мен тәтті-дәмділерді тарту етті. Балалармен кездесуге фильмнің режиссері Ақан Сатаев пен басты рөлді сомдаған актер Смадияр Сабыров та келіп, балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға бақ-береке пен табыстар тіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туралы «Боксшы» фильмі үстіміздегі жылы 1 желтоқсанда прокатқа шыққан болатын.