• 12.01.2011
    1768

    «Полпред» деректі фильмінің алғашқы көрсетілімі

    2011 жылдың 11 қаңтар күні «Искра» кинотеатрында режиссер Болат Шәріптің «Полпред» атты деректі фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті.

    Фильм СССР-дің Сауд Арабиясында өкілетті өкілдің қызметін атқарған Нәзір Төреқұловқа арналған. Фильм қазақ дипломатының қызықты кезеңдер мен қиын белестерден құралған өмірлік жолы жайында баяндайды. Нәзір Төреқұловтың қызметтік жолы ХIХ  ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, Шығыс елінде діни ағымдар мен саяси көзқарастардың шиелініскен қиын кезеңінде басталды. 30 жылдары репрессияның құрбаны болған Нәзір Төреқұловтың сан қырлы дипломаттық қызметі жайында осы күнге дейін бірі білсе, бірі біле бермейтін.

    «Фильмнің негізгі мұрағаттық қоры ретінде Тайыр Мансұровтың он бес жыл бойы жинап, өзінің монографиясында жариялаған құнды деректері қолданылды. Тайыр Мансұров фильмнің негізгі кеңесшісі, дипломат, тарихшы, саясат ғылымдарының докторы. Фильмнің арқауы ретінде біз қызметтік хаттар мен ФҚҚ құжаттарын, Сыртқы істер министрлігінің құжаттары мен басқа да мұрағаттық құжаттарды негізге алдық» — дейді, деректі фильмнің режиссері Болат Шәріп.

    Фильмнің режиссері Болат Шәріп: «Қазақ халқының беделді азаматына айналған ірі тұлға Нәзір Төреқұлов жайында фильм түсіруді мен 2005 жылдан бері ойлап жүрдім. Өйткені, ол, өз кезеңінің саяси өміріне елеулі өзгерістер енгізген тұлға емес пе? Алайда, көпшілік оны ұмытып та кетті. Міне, 2010 жылы жерлесіміздің атын қайта жаңғыртып, фильм түсірдік. Менің ойымша, бұл ерекше сәтті кезең болды», — деген қуанышын да жасырмады.

    Фильмнің кейінгі тағдырын айта отырып, режиссер Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  басшылығына өз алғысын да жеткізді.

    «Қазақфильмнің» бастамасымен жақын арада «Хабар» арнасынан қазақ деректі фильмдерінің  апталығы өтеді. Сол бағдарлама барысында «Полпред» фильмінің тұсауы ресми түрде кесіледі.

    Фильмнің алғашқы көрсетілімінде фильмнің шығармашылық тобымен қатар, көптеген белгілі кинематографистер болды.

    polpred polpred polpred
    polpred polpred polpred
    polpred    


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020