Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Серпін» және «Ка мырза, Сіз кімсіз» фильмдері Үндістанның Мумбай қаласында 2011 жылдың желтоқсанның 22-сі мен 29-ы аралығында өткізілетін The Third Eye Asian film festival кинофестивальде бақ сынайды.
Фестивальдің басты мақсаты – азиялық киноқауымның арасында қарым-қатынастарды нығайтып, батыспен келісімге келу. Кино Азия елдерін біріктіріп, өнердің осы саласы арқылы бір-бірімен етене араласып, бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетсек, «Серпін» фильмі Ресейдің Липецк қаласында және Калифорнияның Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық байқауларда жүлделі орындардан көрінген болатын.