• 13.05.2011
    1458

    Қазақстандағы АҚШ елшісі киностудияға келіп қайтты

    12 мамыр күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын АҚШ елшілігінің уақытша ісін жүргізуші Джон Ордвей аралап қайтты.

    «Қазақфильм» Президенті Ермек Аманшаев арнайы Ордвей мырзамен киностудия аймағымен таныстырып, сандық кешенмен таныстырып және «Мың бала» фильмінің түсірілімі өтіп жатқан павильонның жұмысымен де танысып шықты.

    Кездесу «Кино алаңы» клубында жалғасып, Нью-Йорк киномектебімен жоспарланған киноөндірісі саласындағы бірлескен жобалар талқыланып, «АҚШ қазақ киносының күндері» өткізілуі жайында әңгіме қозғалды.

    Ермек Аманшаев Джон Ордвей мырзаға соңғы екі жылда түсірілген фильмдердің дискілері мен буклеттерді сыйға тартты. Ордвей мырза өз тарапынан киностудияға деген ризашылғымен бөлісіп, Ермек Әмірханұлына қызықты кездесу үшін өз алғысын жеткізді. Сонымен қатар, соңғы кездері қазақ киносының өркендеп келе жатқандығын да атап өтті.

    «Соңғы кездері мен жаңа шыққан қазақ киносын жібермей көріп тұрамын», — деді, Ордвей мырза.

    Визит посла США Визит посла США Визит посла США
    Визит посла США Визит посла США Визит посла США
    Визит посла США Визит посла США Визит посла США


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020