• 18.05.2011
    5932

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Орталық музейінде өткен жыл сайынғы «Мұражайдағы түн» қайырымдылық акциясына қатысты

    Биылғы жылы көрме «Мұражай және естелік» деген ұранмен өтіп, тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналды. Мұражай қонақтарына арнайы ұйымдастырылған «Өткеннің айнасы» деп аталатын зергерлік бұйымдардан құралған жәдігерлер көрмесі, түрлі музыкалық топтардың өнер көрсетуі, сән әлемін паш еткен қойылымдар мен көрмелер ұйымдастырылды.

    Дегенмен де, барша қонақтың назары «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған фильмдерге ауған сияқты. Себебі, биылғы жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы көрермен назарына Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмі және Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Фархат Шәріптің «Қызғылт қоян туралы хикая» сынды жаңа туындыларымен қатар, «Қыз Жібек», «Біздің сүйікті дәрігеріміз» сынды фильмдерін ұсынған болатын. Тіпті, кейбір көрермендерге киностудияның соңғы туындылары ұнағаны соншалық, сағат 18:00 алғашқы фильм басталысымен соңғы фильмге дейін  сағат 24:00 дейін орындарынан тапжылмай отырып, әр фильмді қызыға тамашалады.

    Әр бір фильм көрерменнің ыстық ықыласына бөленгендігін аңғару қиынға соқпады. Мәселен, екі сағаттан аса уақытқа созылатын «Балалық шағымының аспаны» фильмін көрермендер, тіпті, аяқтарынан тік тұрып тамашалады.

    Мерекелік шараны ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, келесі жылы бір көрсетелім залы аздау болатын сияқты. Себебі, мұражайға келушілердің қатарында қазақ киносына деген қызығушылық танытып келе жатқардардың саны күннен-күнге артып келеді.

    Еске сала кетсек, «Қазақфильм» киностудиясының «Мұражайдағы түн» деп аталатын қайырымдылық акцияға қатысуы алғаш емес. Мысалы, өткен жылы аталған мерекелік шараға сый ретінде «Қазақфильм» киностудиясы «Махаббат тәлкегі», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Секіріс» және екі балалар фильмі «Бәйтерек» пен  «Секер» фильмдерін мұражайға келушлерге арнайы тегін көрсеткен болатын.

    Ночь в Музее 2011 Ночь в Музее 2011 Ночь в Музее 2011
    Ночь в Музее 2011 Ночь в Музее 2011 Ночь в Музее 2011


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020