• 23.05.2011
    1699

    IV Бүкіл әлем қазақтарының құрылтайында «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілмек

    24 мамыр күні Астана қаласында «Керуен» сауда орталығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының соңғы туындыларының бірі, режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмі  IV Бүкіл әлем қазақтарының құрылтайында көрсетіледі. Құрылтай Астана қаласында 25-27 мамыр күндері өтеді.

    Еске сала кетсек, аталған фильмнің ресми тұсау кесер рәсімі Астана қаласында биылғы жылдың 7 сәуірінде «Қазақстан» ОКЗ өткен болатын. Сол кездегі тұсау кесер рәсіміне Елбасымен қатар, еліміздің зиялы қаумы да қатысқан еді. Елбасының өмірбаяны негізінде түсірілген бұл фильм көрермен қауымның көңілінен шыққаны соншалық, залдағы ду қол шапалақтың жаңғырығы он бес минут бойы тоқтамада. Жиналған жұрт бұл фильмге 2011 жылдың ең үздік кино туындысы деген баға берді.

    Құрылтайдағы көрсетілім ұйымдастырушылары осы жолы да фильм көрермендердің жүрегінен орын алатындығына сенімді. «Отан қорғаушылар» ескертікішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, «Қыз Жібек» операсын тамашалау, «Этноауыл» кешенінің ашылу салтанатына қатысу, Қытай, Моңғол елдерінің қол өнер бұйымдары көрмесінің қонағы болу, ақындар сайысы мен шет елден келген жастардың концерттік бағдарламасын тамашалау сияқты мерекелік шараларға қатысып, сонымен қатар «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетіліміне қатысу құрылтай қатысушылары үшін есте қаларлық оқиғалардың біріне айналары сөзсіз.

    Мерекелік шараға әлемнің 35 елінен 380-ге жуық халық жиналса, 300-ге жуық адам еліміздің әр бір аймағынан келген. Жиналған жұрттың алпыс пайызы жастардан құралды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020