• 02.12.2010
    1380

    «Қазақфильм» Ардагерлер үйінде қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды

    Показ в Доме ветеранов Показ в Доме ветеранов

    2010 жылдың 1 желтоқсанында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Ардагерлер үйінде «Қыз Жібек» фильмінің өңделген жаңа нұсқасын тегін көрсетті. Көрермен саны шамамен елу шақты адамнан құралды. Ардагер Валентина Михайловна көзіне жас алып, шараны ұйымдастырушылармен көрсетілімнен кейінгі пікірімен бөлісуге асықты: «Кезінде Асанәлі Әшімов пен Фарида Шәріпова сынды актерларды өз көзіммен көрген болатынмын. Енді міне, араға неше жыл уақыт салып, осындай әдемі махаббат дастанын бейнелеген лирикалық фильм арқылы қайта қауышқаныма қуаныштымын. Қазақфильмнің фильмдік қоры бай екендігі белгілі, осылай бізге жиі келіп тұрыңдар.»

    Қорытындысында киностудия атынан Ардагерлер үйіне арнайы Шәкен Айманов фильмдерінің DVD-дің «алтын» жинағы тапсырылды.

    — Осындай сыйлық үшін «Қазақфильмге» айтар алғысымыз шексіз. Себебі, Шәкен Аймановтың фильмдері ұлттық мұраға айналды. Енді біз фильмдерді көре отырып, өзіміздің жастық шағымызды еске аламыз — деп, ардагерлер кеңесінің төрайымы Динара Ілиясовна ризашылығын білдірді.

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ болашақта да Ардагерлер үйінде осы іспетті қайырымдылық көрсетілімін дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

    Сілтемелер:



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020