Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Нариман Төребаевтың «Солнечные дни» фильмі Локарно қаласында өткен 64-ші Халықаралық Кинофестивальде тәуелсіз сыншылардың «Premio Boccallino» жүлдесімен марапатталды. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильм фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын. Киносыншылар тағайындайтын бұл жүлде осымен 11-ші рет тапсырылды.
16 тамыздан бастап VII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін журналистер аккредитациясы басталды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Қанағат Мустафиннің «Рывок» атты фильмі тамыз айынан бастап DVD нұсқасында шығады. Естеріңізге сала кетсек, «Рывок» - бұл отандық спортшының тағдыры мен алғашқы махаббаты жайында баяндайтын жастарға арналған спорт тақырыбындағы драма.
Ресейдің танымал режиссері Павел Чухрай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Испытание» атты фильмді түсіріп жатыр. Фильмнің желісі 1953 жылы Семейде орын алған ядролық полигон кезінде алғашқы сутектi бомбаның сынауына негізделген. Сутектi бомбаның сынауын түсiру үшiн жас операторды Семейге жiбередi. Ол жерде жас жігіт өз махаббатын кездестіреді.
2011 жылдың 3 мен 13 тамыз аралығында Швейцарияның Локарно қаласында 64-ші Халықаралық Кинофестивалі (Festival del film Locarno) өтеді. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына «Kadam» студиясымен бірлесе отырып Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Нариман Төребаевтың «Солнечные дни» фильмі іріктелініп алынды.
2011 жылдың 25 шілдесінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіріп жатқан режиссер Дамир Манабайдың «Лотерея» фильмінің түсіру алаңына журналистар барып қайтты.
Құрметті журналистер! 2011 жылы 22 қырүйекте VII «Еуразия» халықаралық кинофестиваль шеңберінде кино шеберлеріне арналған «Қазақстан киножобаларының нарығы» атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді.
Бұл шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Ілияс Ахмет, «MG Production» компаниясының бас продюсері Ернар Маликов, сондай-ақ актерлар-голивудтың танымал актрисасы Кристанна Локен («Терминатор-3», «Бладрейн»), Никита Пресняков («Индиго», «Елки») және Санжар Мадиев («Сказ о розовом зайце») қатысты.
Шет ел БАҚ өкілдерін қызықтыратыны - қазақстандық киноиндустриясының дамуы мен басқа елдермен ко-өнімі мүмкіндігі. Журналистер сапарын «Қазақфильм» киностудиясын аралаудан бастады. Киностудияның заманауи техникалық мүмкіндіктерімен, оның ішінде декорацияланған павильондарды, motion capture бағдарламасы орнатылған анимациялық кешені мен сандық кешеніндегі бейне және дыбыс жазу лабараторияларын, DOLBY қайта дыбыс жазу мен түсөңдеу лабараторияларымен танысты.
2011 жылғы 19-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестиваль ҚР Мәдениет министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, ҚР Кинематографистер одағы және «Еуразия» ХКФ дирекциясының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.