«Қазақстан киножобалар нарығы -2013» («Spotlight: New Kazakh Cinema - 2013») байқауының іріктеу нәтижелері белгілі болды. Жұмыс барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-тен аса өтінім келіп түсті. Көптеген қызықты жобалардың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау оңай болмады. Іріктеу барысында жобаның шығармашылық ерекшелігімен қатар, оның дайын сценарийінің болуы және сол жобаға халықаралық серіктесті тарту мүмкіндігі есепке алынды.
Тамыздың 18-і мен 24-і аралығында Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен 19-шы Халықаралық кинофестивальдің «Sarajevo Talent Campus» жобасы шеңберінде жас қазақ режиссері Эмир Байғазин шеберлік сағаттарын өткізді.
2013 жылы қыркүйектің 16-21 жұлдызы аралығында Алматы қаласында ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Бұл жөнінде фестивальдің дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында баяндалды. Мәдени іс-шараға қатысқандар: IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті Ермек Аманшаев, фестиваль директоры Серік Жұбандықов, арт-директоры Гүлнәр Әбікеева және іріктеу комиссиясының мүшесі Ерлан Нұрмұхамбетов.
2013 жылы 19 қырүйекте Алматы қаласында IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде жас кинематографистерді қолдап, халықаралық ко-өнімдерін дамытуға бағытталған екінші «Қазақстандық киножобалар нарығы» («Казахстанский рынок кинопроектов» /«Spotlight: New Kazakh Cinema») атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді.