• 29/07/2021

    «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты

    «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты

    Режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэба  (Жапония) түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты. Кинотуындының продюсері Юлия Кимнің айтуынша, Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген картина бүгіннен бастап Францияның 21 қаласында көрсетіледі. Айта кетсек, осыған байланысты бүгін Париждегі Espace Saint Michel кинотеатрында фильмнің арнайы көрсетілімі өтеді.

  • 26/07/2021

    «Мерген» фильмі Канадада өтетін фестивальге қатысады

    «Мерген» фильмі Канадада өтетін фестивальге қатысады

    Режиссер-дебютант Райымбек Әлжановтың «Мерген» атты қысқаметражды фильмі жанрлық киноларға арналған әлемдегі беделді фестивальдердің бірі – халықаралық Fantasia кинофестиваліне қатысады. Аталған кино байқауы тамыздың 5-і мен 25-і аралығында Канадада өтеді.

  • 26/07/2021

    «Күнбағыс» фильмі шетелдік фестивальдерде бірнеше жүлдеге ие болды

    «Күнбағыс» фильмі шетелдік фестивальдерде бірнеше жүлдеге ие болды

    Бүгінгі таңда режиссер Эля Гильманнның «Күнбағыс» фильмі 16 халықаралық фестивальге қатысып, 25-тен астам жүлдеге ие болды. Аталған кинотуынды жақында ғана Францияда өткен Red Movie Awards фестивалінде «Үздік драма» жүлдесін, халықаралық Tokyo International Monthly Film Festival фестивалінде «Үздік режиссер» және Cannes Film Awards  кинофестивалінде «Азияның үздік актері» (актер Еркебұлан Дайыров) жүлделерін, сонымен қатар Paris Film Festival фестивалінде арнайы жүлдені қанжығасына байлады.

  • 23/07/2021

    «Жаңғырық» («Долгое эхо») фильмін Асқар-Мұхит Нарымбетов аяқтайды

     «Жаңғырық» («Долгое эхо») фильмін Асқар-Мұхит Нарымбетов аяқтайды

    Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тапсырмасы бойынша «Қазақфильм» киностудиясына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев ресми сапармен келді. Нұр-сұлтан қаласынан келген делегация шілденің 8-і күні өмірден өткен режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Жаңғырық» кинокартинасына қатысты бірқатар мәселелерді талқылау үшін киногерлермен кездесті.

1 2

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020