Жас режиссер Райымбек Әлжановтың «Мерген» қысқаметражды фильмі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен халықаралық кинофестивальде «Үздік триллер» жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы кинотуындының продюсері Бану Рамазанова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Алматыда «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бастамасымен Алматы әкімдігінің қолдауымен жасалған қазақтың белгілі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың бейнесі салынған қабырға суретінің салтанатты ашылуы өтті.
Бүгін «Қазақфильм» киностудиясына Түркияның мәдениет және туризм жөніндегі министрдің орынбасары Ахмет Мисбах Демирджан бастаған түрік делегациясы келді. Қонақтарды киностудия президенті Ақан Сатаев, вице-президенттер Айдархан Әділбаев пен Айдар Баталов қарсы алды.
«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Ыстанбұлда қазанның 22-і мен 24-і аралығында өткен Түркі Кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы медиафорумға қатысты.