Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салатантында жария етті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіріп жатқан «Жаңғырық» толықметражды фильмі үшін Алматы облысы Долан ауылының маңында «Қоянды жәрмеңкесі» декорациясы тұрғызылды.
Минск қаласында XXVII Халықаралық «Листопад» кинофестивалі өз жұмысын бастады. Биыл байқау «Кино – бірлік симфониясы» ұранымен өтіп жатыр.
Қазақстан мен Түркия «Қазақфильм» киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірлесіп түсірген режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің негізінде бірлескен тарихи сериал түсірмекші. Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асырмақ.