Бүгін Алматыда жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Kinopark кинотеатрлар желісі, Magnum Сash&Сarry супермаркеттер желісі және «Я Алмаатинец» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.
Бүгін, 28 желтоқсанда – Халықаралық кино күнінде – «Қазақфильм» киностудиясының аумағында Қазақ киносының көрнекті қайраткерлерінің есімі берілген Жұлдыздар аллеясында он үш мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі болды.
«Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай белгілі киногерлерге жоғары мемлекеттік марапаттар мен төс белгілерді салтанатты түрде табыстады.
Алматыда дүние жүзіндегі түрлі кинофестивальдерде 50-ге жуық жүлдемен марапатталған «Күнбағыс» («Подсолнух») фильмінің тұсаукесері өтті. Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» компаниясымен бірлесіп түсірген.